Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында 20 адам ұсталып, 40 қару тәркіленді

Опубликовано:

Ұстау сәті
Көрнекі фото: polisia.kz

ІІМ мәліметі бойынша, Алматы облысында антитеррорлық операция кезінде 20 адам ұсталды, деп хабарлайды "Хабар 24".

Күдіктілерден 40 атыс қаруы мен 500-ден аса оқ-дәрі тәркіленген.

Айта кетерлігі, күштік құрылымдар өңірде лаңкестерді ұстау жұмыстарын жалғастырып жатыр. Қалаға кіріп-шығатын жолдарға блокбекеттер қойылған.

Құқық қорғаушылар көліктерді және барлық жолаушылардың жеке төлқұжаттарын жіті тексеріп жатыр.

Бүгіннен бастап шаһар ішіне де бекеттер орнатылмақ. Бұл жөнінде облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Құқық қорғаушылар тұрғындарға әлі де көшеге себепсіз шықпау керектігін ескертеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1950112-almaty-oblysynda-20-adam-ustalyp-40-qaru-tarkilendi/

pixel