Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда балабақшалар жұмыс істей ме

Опубликовано:

бала
Көрнекі фото: pixabay.com

Алматыда мектепке дейінгі білім беру мекемесі жұмыс істемейді. Бұл туралы қалалық әкімдік хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ведомство оңтүстік астанада балабақшаларды қайта ашу туралы шешім жағдай тұрақталған соң қабылданатынын жеткізді.

Ал Нұр-Сұлтан қаласында төтенше жағдайлар режиміне қарамастан мектепке дейінгі білім беру мекемелері штаттық режимде жұмыс істеп тұр.

Айта кетейік, осыған дейін Алматы қаласында ірі супермаркеттер, базарлар, дәріханалар және жанар-жағармай құю бекеттері қайта жұмысын бастағанын жазған едік.

Мегаполис басшысы Бақытжан Сағынтаевтың мәліметінше, қала жеткілікті мөлшерде өндірістік және бірінші кезектегі тауарлармен қамтамасыз етілген.

Бүгінде оңтүстік астанада 77 супермаркет, ірі 3 өндірістік базары ("Барыс", "Алматы 1", "Арыстан") қайта жұмысын жандандырды.

Сонымен қатар, Алматыда 44 жанар-жағармай бекеті істеп тұр. Тағы 25-і ашылуға дайын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1950117-almatyda-balabaqsalar-zumys-istei-me/

pixel