Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда алып-сатарлар нанды 300-800 теңгеге сатқан

Опубликовано:

Нан
Көрнекі сурет: pixabay.com

Алматы әкімдігі нан тапшылығына қатысты мәселені шешуге уәде етті.

Оңтүстік астанада бірнеше күн бойы нан тапшылығы байқалуда. Бұл мәселе алдағы 3-4 күнде толық шешілетін болады. Бұл туралы кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы Еркебұлан Оразалин хабарлады деп жазады "Хабар 24".

Ертең қаладағы тағы бір ірі нан комбинаты жұмысын қайта бастайды. Кейін тағы өзге де нан пісіретін дүкендер ашылатын болады.

Басты өндіруші "Ақсай нан" комбинаты қиын жағдайға қарамастан, жұмысын тоқтатқан жоқ. Бірак, өнім көлемі екі есе азайған. Өйткені тәртіпсіздіктердің кесірінен комбинат қызметкерлері жұмысқа жете алмаған. Супермаркеттерге нан жеткізу тоқтап қалды. Шағын маркет иелері зауыттың дүкеніне өздері келуде.

Сонымен қатар, телеарнаның мәліметінше, бұл күндері бағаларды негізсіз жоғарылату фактілері тіркелген. Кейбір алып-сатарлар нанның шынайы бағасы 80 теңге екеніне қарамастан, оны 300-800 теңгеге сатқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1950123-almatyda-alyp-satarlar-nandy-300-800-tengege-satqan/

pixel