RU

Қазақстанда арнайы операция террористердің көзі толығымен жойылғанға дейін жалғасады

Алматы
Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Елімізде антитеррористік операция террористердің көзін толығымен жоймағанша және мемлекетті қалпына келтірмегенше жалғаса бермек. Бұл туралы қорғаныс министрінің орынбасары, генерал-лейтенант Сұлтан Гамалетдинов арнайы брифингте айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Қазіргі уақытта контртеррористік операциялар жүріп жатыр. Ол террористердің көзі толығымен жойылмағанша және Қазақстан Республикасында конституциялық тәртіп қалпына келтірілмегенше жалғаса береді. Жағдай тұрақталып жатыр және билік органдарының бақылауында", - деді Сұлтан Гамалетдинов.

Ол ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымының бейбіт әскерлерінің қолдауы Қазақстандағы маңызды нысандардың террорлық әрекеттерден қорғалуына біршама көмектескенін айтты.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанда орын алған тәртіпсіздіктер кезінде 164 адам қайтыс болғанын хабарлады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1950125-qazaqstanda-arnaiy-operaciya-terroristerdin-kozi-tolygymen-zoiylganga-deiin-zalgasady/