Алматыда қаза тапқан курсанттың денесі Ақтауға жеткізілді

Опубликовано:

Мейірхан Бітім
Мейірхан Бітім. Фото: ҰҚК

Алматыда жаппай тәртіпсіздік кезінде қаза тапқан курсант Мейірхан Бітімнің денесі туған жеріне жеткізілді, деп хабарлайды Хабар 24 арнасы.

Телеарна дерегінше, мырыш табыт Ақтау әуежайына кеше, 9 қаңтар күні арнайы бортпен әкелінген.

Марқұм небәрі 20 жаста еді.

Көпбалалы отбасында өскен ол Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі академиясының екінші курсында оқыды.

"Бұл күллі Қазақстан үшін әрі ұлттық қауіпсіздік үшін үлкен қайғы. Марқұмның туыстарына шын жүректен көңіл айтамын. Әскери кәсіпті таңдап, Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметі академиясына түссе, офицер болуды, ел іргесін қорғауды қалаған ғой. Сол академияның аумағында жарақат алып, көз жұмды", - деді Ұлттық қауіпсіздік комитеті Маңғыстау облыс бойынша департаментінің бөлім меңгерушісі Нұрлан Темірғалиев.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев әскери және қызметтік борышын атқару үстінде көрсеткен батылдығы мен жанқиярлығы, сондай-ақ мемлекет мүддесін қорғау кезінде жасаған ерлігі үшін еліміздің бірқатар азаматтарын мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы қаулыға қол қойған еді.

Оған сәйкес, Мейірхан Бітім ІІІ дәрежелі "Айбын" орденімен наградталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1950162-almatyda-qaza-tapqan-kursanttyn-denesi-aqtauga-zetkizildi/

jitsu gif