Бүгіннен бастап қолма-қол ақшаны "Қазпоштаның" бөлімшелерінен алуға болады

Опубликовано:

Ақша
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Бүгін, 10 қаңтардан бастап ел тұрғындары қолма-қол ақшаларын "Қазпоштаның" барлық бөлімшелерінен шеше алады. Бұл ақпаратты компания өкілдері таратты.

Хабар 24 арнасының мәліметінше, 10 қаңтардан бастап "Қазпоштаның" барлық бөлімшелері, тіпті ауылды аймақтарда да қайта жұмысын жандандырады. Компания өкілдері интернетке қатысты қиындықтар туындамаса, жұмыста ешқандай кідіріс болмайды деп отыр.

Сонымен қатар акционерлік қоғам зейнетақы мен жәрдемақыны да штаттық режимде беруді жоспарлауда.

"Қазіргі уақытта банкоматтарға ақша салу жұмысы басталып кетті. Осы ретте 10 қаңтардан бастап Казпошта клиенттері Қазпошта бөлімшелері мен банкоматтарынан ақша шеше алады. Сонымен бірге Қазақстан бойынша магистральді бағыттардың іске қосылуына байланысты компания 10 қаңтардан бастап пошталық қызметін қайта жандандырады", - деді "Қазпочта" акционерлік қоғамының департамент директоры Алина Жанқұлова.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін сауда және интеграция министрлігі еліміздің өңірлеріндегі азық-түлік базарларының жұмыс кестесін жариялаған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1950174-buginnen-bastap-qolma-qol-aqsany-qazpostanyn-bolimselerinen-aluga-bolady/