"Алаңдауға негіз жоқ": Сағынтаев Алматы азық-түлікпен қажетті көлемде қамтамасыз етілгенін айтты

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев мегаполис тіршілігін қалпына келтіру бойынша жұмыстардың барысын тексерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Супермаркеттердің біріне барған әкім тауарлар ассортиментін және дүкендерде азық-түлік қоймаларының болуын қарап шыққан.

"Бүгінгі күні қала азық-түлік тауарларымен және бірінші қажеттіліктегі тауарлармен жеткілікті көлемде қамтамасыз етілген. Алаңдауға негіз жоқ", - дейді Сағынтаев.

Қазіргі уақытта Алматыда 77 супермаркет жұмысын қайта бастаған.

Соның ішінде 39-ы – "Magnum" дүкендер желісі, 9 – "Small", 1 –"Тоймарт".

Сонымен қатар үш ірі азық-түлік базары жұмыс істеп тұр. Олар: "Барыс", "Алматы 1", "Арыстан".

Сондай-ақ мегаполисте 44 жанар-жағармай құю бекетінің қызметі жанданған, тағы 25-і жұмысын бастауға дайындық жүргізіп жатыр.

Одан бөлек, 111 дәріхана жұмыс істеп тұр. Олардың ішінде 107-сі сағат 08.00 – 19.00 аралығында ашық болады. 4 дәріхана тәулік бойы жұмыс істейді.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін сауда және интеграция министрлігі ел өңірлеріндегі азық-түлік базарларының жұмыс кестесін жариялаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1950182-sagyntaev-almaty-azyq-tulikpen-qazetti-kolemde-qamtamasyz-etilgen/