Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бердібек Сапарбаев Жамбыл облысының тұрғындарына үндеу жасады

Опубликовано:

Бердібек Сапарбаев
Фото: Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев өңір тұрғындарына үндеу жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Құрметті жерлестер! Қазір біздің өңірдегі жағдай тұрақты, алайда бұл қауіп сейілгенін білдірмейді. Қаскөйлерді анықтау және ұстау бойынша операция белсенді түрде жалғасуда. Коменданттық сағат талабы мен төтенше жағдай режимін қатаң сақтап, үйде болуларыңызды өтінеміз. Қабылданып жатқан шараларға түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз", - деді облыс басшысы.

Бердібек Сапарбаевтың айтуынша, қазір коммуналдық кәсіпорындар, қоғамдық көлік қалыпты режимде жұмыс істеуде. Әлеуметтік маңызы бар тауарлардың қоры жеткілікті.

"Қазір ең бастысы – еліміздің тұтастығы мен жарқын болашағы. Тұрғындадың тыныштығын бұзуға ешкімнің құқығы жоқ. Арандатушылар мен қылмыскерлерге қатысты қатаң шаралар қабылданатын болады.

Бәріміз болашағымызды, елдің тыныштығын, өскелең ұрпақты ойлауымыз қажет. Ересектер өз балаларына жауапкершілікпен қарауы керек. Егер сіз күдік тудыратын әлденені байқасаңыз, онда бірден 102 нөмірі бойынша полицияға хабарласыңыз. Егер сізде қару болса, оны жауапты органдарға өз еркіңізбен тапсырыңыз", - дейді Сапарбаев.

Облыс басшысы тұрғындарға жалған мәліметке сенбей, тек ресми ақпараттарға сенуге, арандатушылардың айласына түсіп қалмауға кеңес берді.

"Құрметті жамбылдықтар! Осындай қиын-қыстау кезеңде жергілікті билікті қолдап, тыныштық сақтағандардың бәріне алғыс айтамын. Біздің күшіміз бірлікте екенін ұмытпаңыздар! Біз барлық қиындықты бірге еңсереміз", - дейді Бердібек Сапарбаев.

Айта кетсек, ҚазАқпараттың мәліметінше, Жамбыл облысындағы жаппай тәртіпсіздікке қатысты деген күдікпен 178 адам полицияға жеткізілген. 11 адам ұсталып, уақытша оқшаулағышқа қамалған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1950208-berdibek-saparbaev-zambyl-oblysynyn-turgyndaryna-undeu-zasady/

pixel