Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қару мен оқ-дәрілер тәркіленді": Шымкентте тәртіпсіздіктерге қатысты деген күдікпен 8 адам ұсталды

Опубликовано:

Видеодан кадр
Видеодан кадр: Шымкент қаласы полиция департаменті

Шымкентте тәртіпсіздіктерге қатысты деген күдікпен 8 адам ұсталды. Олардан қару мен оқ-дәрілер, сондай-ақ Алматы облысындағы сауда орталығынан ұрланған телефондар табылған. Бұл туралы қаланың комендатурасы хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ведомствоның мәліметінше, қазір Шымкент көшелерінде тазалық жұмыстары жүріп жатыр. Қаланың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету үшін қарулы сақшылардың басқаруымен банкоматтарға ақша салынуда.

Сонымен қатар, қылмыскерлер тобын анықтау мақсатында экстремизм және көші-қон бағыты бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр.

Тәртіпсіздік басталған сәттен бастап Шымкент полициясына 2716 адам жеткізілген, 117 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Оның 175-і 15 тәулікке қамауға алынып, екеуіне айыппұл салынған.

Одан бөлек, коменданттық сағатты бұзғаны үшін 33 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған, оның 25-і қамауға алынған Блок-бекеттерде 7000 автокөлік тексерілген.

"Тәртіпсіздіктерге қатысты деген күдікпен 8 адам ұсталды. Автокөлігін текеру кезінде 1 газ тапаншасы табылды. Сондай-ақ олардан алты патроны бар 16 мм калибрлі 1 кесілген шолақ мылтық, 9 мм жауынгерлік калибрге ауыстырылған бес патроны бар 1 травматикалық тапанша, 7,62 мм калибрлі 67 оқ және 5,45 мм калибрлі 3 оқ табылды.

Сонымен бірге күдіктілерден Алматы облысындағы "Апорт" сауда орталығындағы тәртіпсіздік кезінде ұрланған 23 жаңа IPhone 11 Pro ұялы телефоны мен 3 Samsung телефоны тәркіленді", - деп хабарлады Шымкент комендатурасынан.

Қазіргі таңда аталмыш факті бойынша қылмыстық іс қозғалған. Жаппай тәртіпсіздікке қатысқан 52 адам уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Полиция департаменті әскери бөлімдер мен төтенше жағдайлар департаментімен бірлесіп, төтенше жағдай режимінде жұмыс істеп жатыр.

Қала шекарасында бақылау-өткізу бекеттері жұмыс істеуде, қалада коменданттық сағат енгізілген. Сонымен қатар старатегиялық нысандардың қауіпсіздігі күшейтіліп, жағдай бақылауға алынған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1950224-qaru-men-oq-dariler-tarkilendi-symkentte-tartipsizdikterge-qatysqan-8-adam-ustaldy/

pixel