Қазақстандағы жаппай тәртіпсіздіктен кейін 8 мыңға жуық адам ұсталды

Опубликовано:

Усиление ДП
Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Қазақстандағы жаппай тәртіпсіздіктен кейін 8 мыңға жуық адам ұсталды. Бұл туралы ІІМ-ге сілтеме жасаған Coronavirus2020.kz телеграм арнасы хабарлайды.

"Бүкіл ел бойынша 7939 адам ұсталды. Ұлттық гвардия әскерилері және арнайы жасақпен бірлескен құқық қорғаушылар Алматыдағы екі базардан 207 адамды құрықтады.

Ұрланған бес көлік пен материалдық тауарлар және 2 тегіс ұңғылы қару мен 4 суық қару тәркіленді", - делінген ІІМ хабарламасында.

Айта кетейік, бұған дейін Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматы аумағында 2022 жылғы 4-8 қаңтар аралығында болған тәртіпсіздіктерге белсенді түрде қатысқан екі экстремистік топ құрықтаған еді.

Одан бөлек, Шымкентте жаппай тәртіпсіздіктерге қатысты деген күдікпен 8 адам ұсталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1950240-qazaqstandagy-tartipsizdikten-keiin-8-mynga-zuyq-adam-ustaldy/

jitsu gif