Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Әке, біз сені сағындық": Жансақтау бөлімінің қабырғасына жапсырылған плакаттар науқастарға жігер беруде

Опубликовано:

Жансақтау бөлімі
Көрнекі сурет: NUR.KZ / Петр Карандашов

Елордадағы COVID-стационарларының бірі реанимациядағы кадрларды жария етті. Науқастарды туыстары жігерлендіріп, фотосурет жапсырылған плакаттарды іліп қойған, деп жазады Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Науқастардың туыстары өмір үшін күресіп жатқан жандарға жігер беру үшін түрлі отбасылық суреттерді палата қабырғасына іліп, оларды үйде асыға күтетіндерін жеткізген.

Фотосуреттер өкпені жасанды желдету аппаратына жатқызылған науқастарға қарама-қарсы қабырғаға ілінді.

"Науқастардың әйелдері мен балалары палатаға сурет іліп қоюды өтінгенде, бірден келісеміз. Себебі, бұл коронавируспен күресіп жатқан жандарға жігер береді. "Көрдіңіз бе, сіздерді асыға күтіп жатыр! Берілуге болмайды", деп жігерлендіре түсеміз. Олар өмір үшін күресу қажеттігін одан әрі түсінетіні анық", - дейді дәрігер Татьяна Цечоева.

Ілінген плакаттардың бірінде: "Әке, біз сағындық", - деп жазылса, енді бірінде: "Жанат, біз сені күтеміз", - деген жазу жазылған.

Айта кетелік, қазіргі таңда Нұр-Сұлтанда коронавирусқа шалдыққандарды емдеу үшін 7 стационар жұмыс істеп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1950263-ake-biz-seni-sagyndyq-zansaqtau-boliminin-qabyrgasyna-zapsyrylgan-plakattar-nauqastarga-ziger-berude/

pixel