Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев: Бұзақылар түнде мәйітханаға шабуыл жасап, сыбайластарының денесін алып кеткен

Опубликовано:

Алматы
Алматы. Фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезектен тыс сессиясында Қазақстанға қарсы шабуыл жасаған лаңкестер арасында шетелдік содырлар да болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Президент елде тәртіпсіздік орын алған күндері ауруханаларға да шабуыл жасалғанын атап өтті.

"Қазақстанға қарсы агрессияға террористердің, оның ішінде шетелдік содырлардың тікелей қатысқанын нақты айта аламын.

Бұзақылардың түн мезгілінде мәйітханаларға шабуыл жасап, қаза болған сыбайластарының денелерін алып кеткені де кездейсоқ емес. Сондай-ақ олар содырлардың денелерін ұрыс алаңынан әкетіп отырды. Бұның халықаралық террористердің тәжірибесі екені баршаға мәлім. Олар дәл осындай тәсілдер арқылы іздерін жасырады.

Ел аумағында хаос жағдай қалыптастырып, билікті басып алу пиғылы болғаны анық", - дейді президент.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда мемлекеттік төңкеріс жасауға әрекет жасалғанын мәлімдеген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1950298-toqaev-banditter-tunde-maiitxanaga-sabuyl-zasap-sybailastarynyn-denesin-alyp-ketken/

pixel