Елімізде бензин мен дизельдік отынның шекті бағасы бекітілді
Опубликовано:
Энергетика министрі міндетін атқарушының жарлығымен 2022 жылдың 6 қаңтарынан елімізде мұнай өнімдерінің бөлшек сатылымдағы шекті бағасы бекітілді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Бекітілген шекті бағасы ҚҚС-ты қосқанда төмендегідей:
- Аи-80 бензин маркасы – 89 теңге/литр;
- Аи-92 бензин маркасы – 182 теңге;
- Аи-93 бензин маркасы – 182 теңге;
- Аи-95 бензин маркасы – 215 теңге.
Дизельдік отынның бағасы (жаздық, маусымаралық):
- Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары – 260 теңге/литр;
- Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен Алматы, Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Түркістан облыстары - 230 теңге/литр.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1950308-elimizde-benzin-men-dizeldik-otynnyn-sekti-bagasy-bekitildi/