Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда орталық мұражай мен ұлттық кітапхана лаңкестердің шабуылына тап болды

Опубликовано:

Содыр
Көрнекі фото: pixabay.com

Мәдениет және спорт министрлігі Алматыдағы орталық мемлекеттік мұражай мен ұлттық кітапханаға террористер шабуыл жасағанын мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ғимараттардың терезелері мен кіреберісінің зақымданғаны, есіктердің сынғаны белгілі болды.

Бірақ қорлар мен мұрағаттар сақталған.

Мәдениет және спорт министрлігінің мәліметінше, қазіргі уақытта елдің тарихи-мәдени мұрасының тізіміне енгізілген объектілердің жағдайы, келтірілген залал туралы ақпарат нақтыланып жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің азаматтық авиация комитеті қазақстандық әжежайлардың жұмысы туралы ақпарат жариялаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1950319-almatyda-ortalyq-murazai-men-ulttyq-kitapxana-lankesterdin-sabuylyna-tap-boldy/

pixel