Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жамбыл облысындағы тәртіпсіздіктерден қанша адам қаза тапты

Опубликовано:

Полиция департаменті
Фото: NUR.KZ

Жамбыл облысының әкімдігі өңірде тәртіпсіздіктерден қаза болғандар мен зардап шеккендерге қатысты ресми ақпаратты жария етті. Қазіргі уақытта облыста жағдай тұрақталған. Ахуал жергілікті биліктің жедел штабының қатаң бақылауында, деп жазылған ведомствоның ресми сайтында.

Таразда террорлық шабуылға тосқауыл қойылып, он шақты қарулы қылмыскердің көзі жойылып, 269 бүлікші ұсталған. 20 қылмыстық, 104 әкімшілік іс қозғалған.

Әкімдік ақпаратына сәйкес, өңірде қаза тапқандардың саны 15-ке жеткен.

"Жалпы, 15 адам қаза тапты. Олардың екеуі - құқық қорғау органдарының қызметкері. Әкімдікті өртеген белсенді төрт адам ұсталып, екі Калашников автоматы тәркіленді. Қаруланған топқа қарсы полиция, ҰҚК департаменттері мен "Оңтүстік" әскери қолбасшылығының 2000-нан астам қызметкері, 100-ден астам арнайы техникасы жұмылдырылды.

Әкімдік
Фото: NUR.KZ

Жеті полицей жарақат алса, оның ішінде екеуіне оқ тиген. 100-ден астам қызметтік көлікке зақым келтірілді. 283 адам дәрігерлер көмегіне жүгінген, оның 42-сі ауруханада жатыр", - делінген хабарламада.

Теміржол вокзалында түнгі он бірден кейін пойыздан түсетін жолаушыларды арнайы кезекші автобустар тасымалдайды.

Қылмыскерлерді ұстау, жедел іздестіру шаралары жалғасып жатыр.

Облыс бойынша 29 блок-бекет жұмыс істеуде, оның ішінде Тараз қаласының кіріп-шығу қақпаларына 10 блок-бекет қойылған. Барлық көліктер тексерілуде. Бүгінгі таңда оларға төрт рет шабуыл жасалған.

Блок-бекеттерде шетел, басқа өңірлерден келген көліктері анықталуда.

Жамбыл облысы
Фото: NUR.KZ

Бүлікшілер облыс әкімдігінің, Nur Otan партиясы филиалының және полиция департаментінің ғимараттарын өртеген.

Зақым келген нысандарды қалпына келтіру жұмыстары басталды. Зардап шеккен әлеуметтік нысандар жоқ.

Өңірде қоғамдық тыныштықты сақтау бойынша жергілікті билік пен ерікті халықтың, қоғам белсенділерінің бірлескен жұмысы жалғасуда.

ТЖ бекеті, әуежай, әскери қоймалар, "Әмір және Д" әскерилердің қорғауында.

Сондай-ақ, маңызды стратегиялық нысан болып табылатын Қордай ауданы Отар әскери қалашығындағы Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ҒЗИ әскерилермен қорғалуда.

Коммуналдық қызметтер тұрақты жұмыс істеп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1950353-akimdik-zambyl-oblysyndagy-tartipsizdikterden-qaza-bolgandar-turaly-aqparatty-zariya-etti/

pixel