Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Таяу Шығыстан келген содырлар да бар": Тоқаев Қазақстанға шабуылдағандар туралы айтты

Опубликовано:

Алматы
Алматы, 6 қаңтар. Фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Еуропалық кеңестің президенті Шарль Мишель бейнебайланыс режимінде екіжақты келіссөз жүргізді. Келіссөздер барысында Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге шабуылдағандар туралы сөз қозғады, деп жазады Ақорданың ресми сайты.

Келіссөз Еуропалық тараптың бастамасымен жүргізілген. Өзара достық пен сенімге негізделген әңгімелесу барысында Шарль Мишельдің өтінішімен еліміздегі оқиғалар жайлы мәлімет берген президент Қазақстанға шабуыл жасағандар арасында кімдер барын айтып берді.

"Шабуыл жасағандардың ішінде басым көпшілігі Орталық Азия елдерінен, оның ішінде Ауғанстаннан келген шетелдік содырлар бар. Сонымен қатар арасында Таяу Шығыстан келген содырлар да бар. Олардың пиғылы біздің аумақты бақылауда ұстайтын хаос аймағына айналдыру, содан кейін билікті басып алу болды. Сондықтан Қазақстанда лаңкестікке қарсы операция басталды", – деді Тоқаев.

Сондай-ақ, президент лаңкестердің зорлық әрекеттері салдарынан көптеген құқық қорғау қызметкерілері мен бейбіт тұрғындардың құрбан болғанын, 1300-ге жуық кәсіпкерлік нысанға залал келгенін, 100-ден астам сауда орталығы мен банктердің тоналғанын, 500-ге жуық полиция машинасы өртенгенін де сөз етті.

Одан бөлек, мемлекет басшысы елімізге келтірілген экономикалық шығынды бағалады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1950362-tayau-sygystan-kelgen-sodyrlar-da-bar-toqaev-qazaqstanga-sabuyldagandar-turaly-aitty/

pixel