Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ШҚО-да тәртіпсіздік кезінде 69 полицей мен әскери қызметкер зардап шеккен

Опубликовано:

Фото
Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Шығыс Қазақстан облысында болған жаппай тәртіпсіздік кезінде 69 полиция қызметкері мен әскери қызметкер зардап шеккен, деп хабарлайды "Хабар 24".

Телеарнаның мәліметінше, 5 қаңтарда құқық қорғау өкілдері Өскемен мен Семейде радикалды әрекетке барғандарды қоршауға алған.

Өңірдегі екі ірі қалада күштік құрылымдар атыс қаруы мен жанғыш сұйық зат құйылған бөтелкелерді қолданған 3 мыңға жуық бүлікшіге тойтарыс берген.

"Адамдар алаңға арамен келіп, ағаштарды кесіп, таяқтың көмегімен әскери қызметкерлер мен полиция қызметкерлеріне шабуыл жасамақ болған фактілер де тіркелді", - дейді "Шығыс" өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының орынбасары Берік Тоқтаров.

Тәртіпсіздік салдарынан өңірдегі 69 полицей мен әскери қызметкер химиялық күйік пен оқ жарақатын алған. Олардың кейбірі әлі де ауруханада ем қабылдап жатыр.

Еске сала кетсек, бұған дейін Шымкентте жаппай тәртіпсіздік кезінде жалпы 120 адам медициналық көмекке жүгінгені белгілі болған еді. Қазір олардың 48-і ауруханада жатыр. Оның бесеуінің жағдайы ауыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1950374-sqo-da-tartipsizdik-kezinde-69-policei-men-askeri-qyzmetker-zardap-sekken/

pixel