Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыдағы тәртіпсіздік кезінде ҚазҰУ ректоры Жансейіт Түймебаевтың ұлы қайтыс болды

Опубликовано:

Университет
Фото: ҚазҰУ баспасөз қызметі

Алматыдағы тәртіпсіздік кезінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Жансейіт Түймебаевтың ұлы көз жұмды. Бұл ақпаратты университеттің баспасөз қызметі растап отыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілер Түймебаевтың ұлы оқ жарақатынан көз жұмғанын хабарлаған еді. ҚазҰУ баспасөз қызметі бұл қаралы хабарды растады.

"Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Жансейіт Түймебаевтың ұлының қайғылы қазаға ұшырауына байланысты жалған ақпарат тарамас үшін келесіні хабарлаймыз:
06.01.2022 жылы кешкі сағат 18.35 минут шамасында Алматыда комменданттық сағат басталмас бұрын, Елнар Нұрсұлтан Назарбаев көшесімен жоғары көтеріліп, үйіне қайтып келе жатқан.
Қаныш Сәтпаев көшесіне жетпей, қиылыста тоқтап тұрған сәтінде күтпеген жерден көлігіне белгісіз адамдар бірнеше рет оқ атқан.
Ол алған жарақат салдарынан оқиға орнында көз жұмды. Қазіргі сәтте құзырлы органдар тиісті тергеу амалдарын жүргізуде", - делінген университеттің баспасөз қызметі таратқан ресми мәліметте.

Айта кетелік, Жансейіт Түймебаев бұған дейін бірқатар мемлекеттік қызметтерге тағайындалды. Ол білім және ғылым министрі, Түркістан облысының әкімі, Қазақстанның Түркиядағы, Ресейдегі, Албаниядағы төтенше және өкілетті елшісі міндеттерін атқарған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1950429-almatydagy-tartipsizdik-kezinde-qazuu-rektory-zanseiit-tuimebaevtyn-uly-qaitys-boldy/

pixel