"Жемқорлықтың иісі мүңкіп тұрған жоба". Тоқаев Астана LRT құрылысын аяқтау үшін шетелдік сәулетшілерді шақыруды ұсынды

Опубликовано:

ЛРТ
Кадр: Хабар 24

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәжілістің онлайн отырысында Astana LRT жобасы туралы сөз қозғады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Бздің қоғамды, әсіресе, елорда тұрғындарын ашуландыратын тағы бір мәселе - бұл LRT құрылысы. Қарапайым инфрақұрылымдық жобадан ел беделіне нұқсан келтіретін күрделі мәселеге айналды. Қазірдің өзінде қыруар қаражат игерілді, несиелер тартылды, шетелдік серіктестер алдында ауқымды шарттық міндеттемелер қабылданды.

Жоба бастапқыда-ақ қателік болды. Мұны мойындау керек. Бұл сыбайлас жемқорлықтың иісі мүңкіп тұрған жоба. Енді дұрыс шешім қабылдау қажет, өйткені оны жай ғана бұза салу уақыт пен ақшаны жоғалтуды білдіреді. Біздің осы жобаны пайдаланудың ықтимал нұсқаларын анықтайтын отандық және шетелдік сәулетшілер мен урбанистерді шақырудан басқа амалымыз жоқ", - деді мемлекет басшысы.

Айта кетейік, өткен жылы Астана LRT ісі бойынша бірнеше мердігер бас бостандығынан айырылған еді. Олардың адвокаттары әзірге істегі басты фигуранттар бостандықта жүргенін, ал олардың қорғауындағы азаматтар заңсыз сотталғанын алға тартқан болатын.

Ал 2021 жылғы қазан айында Нұр-Сұлтан соты барлық тұлғаға қатысты бас бостандығынан айыру жөніндегі үкімнің күшін жойып, істі прокуратураға қайтарды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1950478-toqaev-astana-lrt-qurylysyn-ayaqtau-usin-seteldik-sauletsilerdi-saqyrudy-usyndy/