Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев: "Самұрық-Қазына" қорының сатып алу жүйесіндегі ашықтыққа қатысты сұрақтар әлі де бар

Опубликовано:

Самұрық-Қазына
Көрнекі фото: skc.kz

Бейне байланыс арқылы мәжіліс отырысына қатысқан мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Самұрық-Қазына" қорының қызметіне тоқталды, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Самұрық-Қазына" қорының сатып алулар жүйесінің ашықтығына қатысты сұрақтар әлі де бар. Шағымдар жиі келіп түседі, бұл сұрақтарға жауап іздеуіміз керек. Атап айтқанда, бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу негіздерін қысқарту маңызды.

"Самұрық-Қазына" қоры мен басқа да ұлттық компаниялардың сатып алулар тәртібін қайта қарастыру қажет. Өткен жылы реттелетін сатып алулар туралы заң қабылданды, бірақ көптеген мәселелер әлі де заңға тәуелді актілер мен қордың өз шешімдері деңгейінде шешілуде.

"Самұрық-Қазына" қорының ережелері мен рәсімдерін Қаржы министрлігімен және Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігімен келісуді қамтамасыз ету қажет", - дейді мемлекет басшысы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1950492-memleket-bassysy-samuryq-qazyna-qorynyn-satyp-alu-zuiesindegi-asyqtyqqa-qatysty-suraqtar-ali-de-bar/

pixel