Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Президент төтенше жағдай кезінде елден шетелге ақша шығармақ болғандар туралы айтты

Опубликовано:

Ақша
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәжілістің онлайн отырысында төтенше жағдай кезінде жеке тұлғалар шетелге капиталды шығаруға әрекеттенгенін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Келесі мәселеге жеке тоқталамын. Төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты жекелеген қаржылық-өнеркәсіптік топтардың капиталын шетелге, оның ішінде жалған мәмілелер жасау арқылы шығару қаупі жоғары.

Біз жеке тұлғалардың шоттарындағы аударымдарды тіркедік. Сондықтан Ұлттық банкке Қаржы мониторингі және қаржы нарығын реттеу агенттігімен бірлесіп, барлық операциялар мен қаражатты елден негізсіз шығарып жатқан тұлғаларды нақты қадағалауды, тексеруді және бақылауды қамтамасыз етуді тапсырамын", - деді президент.

Еске сала кетсек, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев әкімдер мен депутаттардың, үкімет мүшелерінің жалақысын көтеруге бес жылдық мораторий жариялаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1950493-prezident-totense-zagdai-kezinde-elden-setelge-aqsa-sygarmaq-bolgandar-turaly-aitty/

pixel