Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Президент Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әрекетсіздігі туралы айтты

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәжіліс отырысында билікті басып алу әрекетіне кәсіби мамандар қатысқанын және бұл ретте ҰҚК Қазақстандағы сәтсіз жұмыстарды көре алмағанын, тіпті көргісі келмегенін атап айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Қоғам тыныштығын жүйелі түрде, оның ішінде қарсылық шаралары арқылы бұзбақ болған. Уәкілетті орган ретінде ҰҚК осыған байланысты жұмыстың сәтсіз өтіп жатқанына баға бере алмады және бергісі келмеді.

Шабуылды ұйымдастарғандарға себеп қажет болды. Ал автогазға қатысты тұрғындардың наразылығы осыған себеп болды. Ары қарай оқиғалар бір-бірімен қабыса өрби кетті. Бастапқыда бірқатар өңірде, оның ішінде Жаңаөзенде митингілер болып өтті. Ары қарай оған бандиттер мен бұзақылар қосылды. Одан соң қарулы террористер мен халықаралық содырлардың қатысуымен жалғасты.

Олардың басты мақсаты айдан анық: мемлекеттік басқарудың шырқын бұзу, конституциялық тұтастыққа зиян келтіріп, билікті басып алу. Сөздің шыны керек, біздің елімізге қарсы террорлық соғыс ашылды", - дейді президент.

Сондай-ақ, мемлекет басшысы жаулар "қатыгездікпен әрекет еткенін және халық арасында қорқыныш тудырып, оларға қарсылық танытуға мұрша бермегенін" жеткізді.

"Қазақстанға шабуыл жасау жоспары әскери, саяси, идеологиялық, апараттық және т.б. бірқатар аспектілерден тұрды. Билікті басып алу әрекетіне кәсіби мамандар жұмыс істеген", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1950500-prezident-toqaev-ulttyq-qauipsizdik-komitetinin-areketsizdigi-turaly-aitty/

pixel