Алматыда полиция қызметкерлері ұрланған қару-жарақ қоймасын тапты

Опубликовано:

Алматы
Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Алматыда полиция қызметкерлері ұрланған қару-жарақ қоймасын тапты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі мегаполис комендатурасының ақпараттық орталығына сілтеме жасап.

"Қирату, тонау кезінде ұрланған қаруды Алматы облысының 18 жастағы тұрғыны сонда жасырған. Оны Алматы қаласы Наурызбай ауданының полиция қызметкерлері ұстады. Жауап алу кезінде ер адам қару сататын дүкендерді тонауға қатысқанын мойындады. Оның ұрланған мылтықтарды карьерлердегі қоймада сақтағаны анықталды", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, күдіктінің бұрын бөтеннің мүлкін ұрлағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны белгілі болды.

Қазіргі уақытта оның қаладағы тәртіпсіздіктер кезінде басқа да қылмыстық іс-әрекеттерге қатыстылығын анықтау, сондай-ақ, заңсыз сақталған басқа да қару-жарақтарды тәркілеу бойынша жедел іс-шаралар кешені жүргізіліп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1950522-almatyda-policiya-qyzmetkerleri-urlangan-qaru-zaraq-qoimasyn-tapty/