Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Президент: Субсидия берудегі заңбұзушылықтар қайталанбауы керек

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәжілістің жалпы отырысында субсидия берудегі өзекті мәселелерді көтерді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Субсидияны тұрақты беруге қатысты мәселе жиі көтеріледі. Мен бұған дейін субсидиялау тәсілдерін қайта қарау қажеттігі туралы тапсырма берген болатынмын. Бұл жұмыс қысқа мерзім ішінде атқарылуға тиіс. Біз судсибия алуды жеңілдетуге, оның қолжетімді болуын және ашықтығын қамтамасыз етуге тиіспіз. Жуырда болған заңбұзушылықтардың қайталануына жол бермеу маңызды. Алдағы үш жылда азық-түлік қауіпсіздігі мәселесін түбегейлі шешу қажет. Бұл – Үкімет пен әкімдердің алдында тұрған негізгі басымдық екеніне айрықша назар аударамын", - деді президент.

Мемлекет басшысы нарықта азық-түлік тауарлары мол болмаса, инфляцияны ұстап тұруға ешқандай шара көмектеспейтінін басып айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1950528-prezident-subsidiya-berudegi-zanbuzusylyqtar-qaitalanbauy-kerek/

pixel