Тоқаев: Содырлар мен оларға көмек көрсеткендерді жазаға тарту керек

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев.Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде орын алған тәртіпсіздіктерді ұйымдастырғандар мен оларға көмек көрсеткендерді жазалау керектігін айтты. Президент трагедияның барлық себебі мен мән-жайын арнайы тергеу тобы анықтайтынын жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Тоқаев еліміздегі бейбіт тұрғындарға қарсы қылмыстарға қатысты содырлар мен оларға көмек көрсеткендерді тез арада тауып, жазаға тарту керектігін қадап айтты.

Сонымен қатар, мемлекет басшысы лаңкестік шабуылдардың артында кім тұрғанын анықтау аса маңызды екенін алға тартты.

Оған қоса, президент содырлар мен олардың командалық пунктінің қызметі не себепті мемлекеттің назарынан тыс қалғанын егжей-тегжейлі тексеруді тапсырды.

"Не себепті еліміздің аумағында осыншама заңсыз қару мен арнайы құралдар табылды? Неге терроризм нысандарын анықтау мен бейтараптандыру бойынша агентура жұмысы жүргізілмеді?", - деді ол.

Тоқаевтың мәлімдеуінше, арнайы тергеу тобы сапалы әрі толық көлемде өз жұмысын атқарып, трагедияның барлық себебі мен мән-жайын ашатын болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1950534-toqaev-sodyrlar-men-olarga-komek-korsetkenderdi-zazaga-tartu-kerek/

jitsu gif