Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында жаппай тәртіпсіздіктен кейін 60 қылмыстық іс қозғалды

Опубликовано:

Тәртіп сақшысы
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Алматы облысында жаппай тәртіпсіздікке, бүлік пен тонауға байланысты 60 қылмыстық іс қозғалды. Олардың бір бөлігі қаруды заңсыз алу мен сақтау, ұрлық жасау фактілері бойынша, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі өңірдің полиция департаментіне сілтеме жасап.

Ресми деректерге сүйенсек, 11 қаңтардағы жағдай бойынша 60 қылмыстық іс қозғалған. Тергеуді өңірлік полиция бөлімшелері мен облыстық полиция жүргізуде.

"Жаппай тәртіпсіздік, кісі өлтіру, тонау, сондай-ақ қаруды заңсыз сатып алу және сақтау, билік өкілдеріне бағынбау, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің өміріне қастандық жасау және бұзақылық фактілері бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір дәлелдерді бекіту және жинау жұмыстары жүргізіліп жатыр",- деді Алматы облыстық ПД баспасөз қызметінде.

Талдықорғанда құрамында полиция мен әскери қызметкерлер бар 35 көлік патрулі және 20-ға жуық жаяу патруль жұмыс істеп жатыр.

Қала орталығында шоғырланған 20 блок-бекет орнатылды. Талдықорғанның шекарасында әскери қызметкерлер және құқыққорғашылар кезекшілікте тұр, олар кіретін және кететін автокөліктерді тексеруде.

Полиция азаматтардан кейін тергеу органдарына өткізу үшін бейнекамера мен мобильді телефондарға таспаланған фактілерді сақтауды сұрайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1950535-almaty-oblysynda-zappai-tartipsizdikten-keiin-60-qylmystyq-is-qozgaldy/

pixel