Қазақстандағы жаппай тәртіпсіздік кезінде қанша әскеридің жарақат алғаны белгілі болды

Опубликовано:

Алматы
Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Қорғаныс министрлігінің әскери медициналық мекемелерінде жаппай тәртіпсіздіктер барысында жарақат алған Қарулы Күштердің әскери қызметшілері емделіп жатыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы министрліктің ресми сайтына сілтеме жасап.

Министрлік ұсынған ақпаратқа сәйкес, зардап шеккендердің көп болуын ескере отырып, қысқа мерзімде операциялық бөлмелер ашылып, дәрігерлік-мейіргерлік бригадалар құрылған.

"Биылғы жылдың бесінші қаңтарынан бастап әскери борышын орындау кезінде Қарулы Күштердің бір әскери қызметшісі қаза тауып, 287 әскери қызметші түрлі жарақаттар алды. Оның 102-сі стационарлық ем қабылдауда.Әскери емдеу мекемелері азаматтық денсаулық сақтау ұйымдарымен тығыз байланыста жұмыс істеуде. Білікті көмек көрсету үшін қажетті жабдықтар мен дәрі-дәрмектер қоры бар", - делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1950536-qazaqstandagy-zappai-tartipsizdik-kezinde-qansa-askeridin-zaraqat-algany-belgili-boldy/