Елдегі тәртіпсіздіктерден кейінгі Талдықорған қандай күйде
Жарияланған күні:
Талдықорған тұрғындары біртіндеп қалыпты өмірге оралуда. Бүгінде жаппай тәртіпсіздік оқиғасының зардаптары жойылып жатыр. Қалада тоналған супармаркеттер мен қиратылған мемлекеттік нысандарды қалыпқа келтіру басталды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
5-6 қаңтар күні Талдықорғанда мемлекеттік нысандарға шабуылдады.
Алматы облысы әкімдігіне, қалалық полиция басқармасына, Nur Otan партиясы филиалының ғимаратына, облыстық полиция департаментіне үлкен зақым келтірілді.
Cонымен қатар, тергеу изоляторына да шабуылдаған. Алайда, тәртіп сақшылары содырларға тойтарыс берген.
Оған қоса, лаңкестер тобы дүкендер желілерін қиратып тонаған. Қазіргі уақытта, супермаркеттердің жұмысы жандануда. Жаппай тәртіпсіздіктің зардаптары жойылып жатыр. Сауда және өзге нысандар күзет күшейтілді.
Бүгінде қалада қоғамдық көліктер жүре бастады. Олар таңғы сағат 8.00-ден кешкі 18.00-ге дейін қатынайды. Бұл туралы облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ғалымжан Дәрібаев мәлімдеді.
Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 10 қаңтар күні өңір басшысы Қанат Бозымбаев жауапты тұлғаларға штаттық режимдегі жұмысқа көшу мәселесін іске асыруды тапсырған.
Қанат Бозымбаев өңірде материалдық шығынды бағалау бойынша арнайы комиссия жұмыс істеп жатқанын атап өтті.
Cондай-ақ қалада аса ірі сауда нысандары, базарлар мен жанармай бекеттері ашылу керек.
Облыс орталығында интернет қосылды. Дәріханалар мен медициналық мекемелер штаттық режимде жұмыс істеп жатыр.
"Облыста жағдай тұрақталды. Сол себепті, біртіндеп бұрынғы өмірге оралуымыз керек. Біріккен жағдайда біз жақын арада облыстық шаруашылық пен жетісулықтардың өмірінің қалыпты деңгейіне шығамыз деген ойдамын", - деді әкім.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1950540-eldegi-tartipsizdikterden-keiingi-taldyqorgan-qandai-kuide-foto-video/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.