Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Әскери борышын өтеуден қашады": Мемлекет басшысы тағы бір өзекті мәселені көтерді

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: pixabay.com

Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәжілістің жалпы отырысында жастардың әскери борышын өтеуден қашатынын сынға алды, деп хабарлайды Ақорда.

"Баса назар аударуды қажет ететін тағы бір мәселе бар. Көптеген жас азаматымыз Қарулы күштер қатарында әскери борышын өтеуден қашады. Әскери билетке ие болу жастардың мақтанышын тудырмайды және Отанға қызмет етудің белгісі саналмайтын болды", - деді мемлекет басшысы.

Осы орайда Қасым-Жомарт Тоқаев Армия қатарында қызмет ету, құқық қорғау саласында жұмыс істеу – айрықша миссия екенін сөз етті.

Оның айтуынша, бұл – Отан үшін жанын салуға бел буған азаматтардың саналы таңдауы.

"Жастарымызды әскери борышын өтеуге қалай ынталандыруға болатынын біз бүкіл қоғам болып ойластыруымыз керек. Біз – мықты халықпыз. Төл тарихымызда талай жаугершілік заманды, ашаршылықты және басқа да алапат қиындықты бастан өткердік. Соңғы күндердегі қайғылы оқиғалар біз үшін тағы бір сынақ болды. Оны еңсеріп, бұрынғыдан да мықты боламыз", - деді президент.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1950544-askeri-borysyn-oteuden-qasady-memleket-bassysy-tagy-bir-ozekti-maseleni-koterdi/

pixel