Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкенттің бас санитар дәрігері жаңа қаулыға қол қойды

Жарияланған күні:

Тәжвирус
Көрнекі фото: NUR.KZ/ Петр Карандашов

Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылдың 4 қаңтарындағы №1 қаулысы өзгертілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қаулыда жұмыс және демалыс күндері Ashyq жобасына қатысатын бизнес объектілерінің жұмысына - сағат 00:00-ге дейін, Ashyq жобасының көшбасшыларының жұмысына - сағат 02:00-ге дейін рұқсат етіледі.

Медициналық орталықтар, кабинеттер, стоматология қызметі және сұлулық орталықтары мен салондары, шаштараз, маникюр мен педикюр қызметтері, косметика және косметология қызметін көрсететін орындар алдын ала жазылумен жұмыс істесе, халықты орналастыру арқылы қызмет көрсету саласындағы ұйымдар (қонақ үй, санаторий-курорт, демалыс үйлері/базалар, туристік база және тағы басқалар) толтырылуын 80 %-дан асырмау қажет. Ал, Ashyq жобасына қатысатын қонақ үйлер, отельдер қалыпты режимде қызмет көрсетеді. Мейрамхана, дәмхана және кофехана типі бойынша қоғамдық тамақтану объектілері (үй-жайда) тек сору-сыртқа шығару желдеткіші мен ауаның рецеркуляциясы жұмыс істеген кезде, толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ 30 орыннан асырмай, сағат 09:00 ден 20:00-ге дейін шектеумен қызмет көрсете алады.

Ал, Ashyq жобасына қатысатын субъектілер 50 орынға дейін толтырылуын қамтамасыз етуге мүмкіндік берілді. Мәдениет объектілері, театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, филармониялар тек Ashyq жобасына қатысқан жағдайда ғана арнайы толтырылуы талаптарын сақтап қана жұмыс істеуге рұқсат етіледі.

Қауіпсіз "жасыл" мәртебе бар болған кезде Ashyq жобасына қатысатын әлеуметтік-экономикалық объектілер қызметінің өлшем-шарттарына сәйкес, салтанатты, ас беру, отбасылық іс-шараларды банкеттер, үйлену тойы, мерейтой, конференция, форум, адамдар көп жиналатын ойын-сауық және өзге де іс-шаралар өткізу 50%- ға дейін, бірақ 50 орыннан асырмай өткізіледі. Сауда-ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, сауда алаңы 100 ш.м- ден асатын азық-түлік емес сауда желілері мен сауда алаңы 6000 ш.м-ден асатын азық-түлік сауда желілері қалыпты режимде жұмыс істейді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1950564-symkenttin-bas-sanitar-darigeri-zana-qaulyga-qol-qoidy/