Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы әкімдігінің басқармасы шабуылдан кейін қайда орналасты

Опубликовано:

Митинг
Оқиға орнынан фото: zakon.kz

Алматыда өткен жаппай тәртіпсіздік кезінде қала әкімдігінің ғимараты қатты зардап шекті. Лаңкестер нысанды қиратып, өртеп жіберді. Бұл жағдайлардан кейін қала әкімшілігі уақытша басқа ғимаратқа ауысуға мәжбүр болған. Қала әкімдігінің басқармасы қайда орналасқаны туралы аппараттық жиналыста белгілі болды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Қалалық мобильділік басқармасы Панфилов 84 көшесіндегі метрополитеннің ғимаратына оналастырылды.

Тағы алты басқарма Әуезов 82 көшесіндегі реконструкцияланған ғимаратқа ауысты. Олардың арасында қолайлы қалалық орта басқармасы, стратегия мен бюджет басқармасы, жасыл экономика басқармасы, цифрландыру басқармасы, дін істері жөніндегі басқарма, әлеуметтік даму басқармасы бар.

Креативтік индустриялар басқармасы Байзақов 303 көшесіндегі мемлекеттік активтер ғимаратында орналастырылды.

Сонымен қатар, әкім аппараты уақытша Абылай хан 74А даңғылындағы Алмалы ауданы әкімдігінің ғимаратында болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1950567-almaty-akimdiginin-basqarmasy-sabuyldan-keiin-qaida-ornalasty/

pixel