Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодар облысында наразылық білдірушілер әкімді жұмыстан кету туралы өтініш жазуға мәжбүрлеген

Опубликовано:

Кадр
Видеодан кадр: Әлеуметтік желі

Мессенджерлерде Баянауыл ауданы әкімінің жұмыстан босатылуы туралы өтініш көрсетілген видео тарап жатыр. Ролик ведомство ғимаратында түсірілген. Бұған қатысты Павлодар облысының әкімдігі түсініктеме берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ролик кадрынан аймақ басшысы Қанат Каримовтың Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақовқа "өз еркімен жұмыстан босату туралы өтініш" жазғанын байқауға болады.

Сонымен қатар, Каримовтың бұның алдында әкімдік ғимаратының алдында наразылық білдірушілермен кездескені белгілі.

Жиналғандардың аудан басшысының қызметіне көңілі толмағандары видеода аңғарылады.

Бұған қатысты Павлодар облыстық әкімдігі түсініктеме білдірді.

"2022 жылдың 5 қаңтарында Каримов аудан орталығында санкцияланбаған митинг ұйымдастырған бір топ адамның қысымымен қызметінен босату туралы өтініш жазды. Бұл мәлімдеме суретке түсіріліп, әлеуметтік желілердегі бірқатар аккаунттарда жарияланды. Аталған мәселе бойынша орын алған жағдайларға құқықтық баға берілгеннен кейін ақпарат ұсынылады", - деді ведомство.

Айта кетейік, бұндай өтініш бойынша бір ай көлемінде шешім қабылданады немесе бас тартылады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1950570-pavlodar-oblysynda-narazylyq-bildirusiler-akimdi-zumystan-ketu-turaly-otinis-zazuga-mazburlegen/

pixel