Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда жаппай тәртіпсіздіктен соң 1205 адам ауруханаға жүгінген

Опубликовано:

аурухана74
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Алматы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нариман Табынбаев қаладағы денсаулық сақтау жүйесі толық көлемде жұмыс істеп жатқанын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"4 қаңтардан бастап бүгінгі күнге дейін Алматы ауруханаларына 1205 зардап шегуші жүгінген. 564 адам ауруханаға жатқызылды, 329 адам шығарылды. Қазір зардап шеккен 176 адам стационарларда. Оларға көмек көрсетілді. Реанимацияда 18 пациент жатыр, оның ішінде үш бала бар.

Тәртіпсіздік кезеңінде көпбейінді ауруханалар пациенттерге көмек көрсетуде өздерінің кәсібилігін көрсетті. Барлық дәрігер жұмылдырылды, емханалардың мамандары да тартылды. Барлығына дәрі-дәрмек жеткілікті болды.

Медицина қызметкерлері барлық жағдайларға дайын екендерін көрсетті. Егер олардың кәсібилігі болмаса, шығындар көп болар еді", - деді Табынбаев.

Оның айтуынша, қазір қалада 175 жедел жәрдем бригадасы жұмыс істейді. Инфекциялық стационарларда 283 пациент бар.

"COVID-19 жұқтыру деңгейі өсіп келе жатқанын ескере отырып, төсек орындарын 300 бірлікке дейін ұлғайту туралы бұйрық дайындап жатырмыз. 19 пациент реанимацияда жатыр, бұл реанимация төсек қорының 22% құрайды. Бір тәулікте өлім жағдайлары тіркелген жоқ", - деді ҚДСБ басшысы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1950584-almatyda-zappai-tartipsizdikten-son-1205-adam-auruxanaga-zugingen/

pixel