13 қаңтардан бастап Turkish Airlines-тың Қазақстанға рейстері қайта жандана бастайды
Опубликовано:

13 қаңтардан бастап Turkish Airlines компаниясының Қазақстанға рейстері қайта жандана бастайды. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Telegram-дағы ресми каналында.
Turkish Airlines әуе компаниясы Ыстамбұлдан Нұр-Сұлтанға тұрақты рейстерді қайта жандандыра бастайды.
"14 қаңтардан бастап Ақтауға, 15 қаңтардан Түркістанға рейстерді қайта ашу жоспарлануда", - делінген ресми хабарламада.
Сондай-ақ, Алматыға тұрақты рейстер қайта жанданады, дейді министрлікте.
Turkish Airlines әуе компаниясының рейстеріне билеттерді әуе компанияның сайтынан сатып алуға болады.
Министрлік рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып жүзеге асырылатынын алға тартты.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1950647-13-qantardan-bastap-turkish-airlines-tyn-qazaqstanga-reisteri-qaita-zandana-bastaidy/