Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызылорда облысында 100-ден аса адам қарумен және есірткімен ұсталды

Опубликовано:

Алматы шеру
Иллюстративное фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Қызылорда облысында 100-ден аса адам қару-жарақпен және есірткімен ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицияда құқыққорғаушылар ел бойынша жаппай тәртіпсіздікке қатысқандарды анықтап, ұстап жатқанын хабарлады.

"ҚР Ұлттық ұланы арнайы мақсаттағы бөлімшесінің күші Қызылорда облысының аумағында терроризмге қарсы операция жүргізу барысында полиция департаменті және ҰҚК қызметкерлері бірлесіп, жаппай тәртіпсіздікке қатысқан 100-ден астам адамды ұстады",- деді тәртіп сақшылары.

Құрықталғандардан қару-жарақ, оқ-дәрілер мен есірткі тәркіленді.

"Ұсталғандар мән-жайды анықтау үшін полиция қызметкерлеріне берілді. Терроризмге қарсы операция жалғасуда",- деді ведомствода.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1950658-qyzylorda-oblysynda-100-den-asa-adam-qarumen-zane-esirtkimen-ustaldy/

pixel