Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ДДСҰ: Алдағы екі айда Еуропа халқының жартысынан астамы "омикрон" жұқтырады

Опубликовано:

ПТР тестілеу
Көрнекі фото: Nicolas Economou/NurPhoto via Getty Images

Алдағы 2 айда кәрі құрлық халқының жартысынан астамы "омикрон" жұқтырады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының болжамы осындай, деп хабарлайды "Хабар 24" арнасы.

Қазір "омикрон" Батыс Еуропада басым штамға айналып барады. Сондай-ақ, Балқан түбегі елдерінде тез тарап жатыр.

Әсіресе, вакциналау деңгейі төмен елдердегі жағдай алаңдатарлық.

"Омикронның" басқа штамдармен салыстырғанда тез тарайтынын растайтын мәлімет алып отырмыз. Оны бұған дейін індетпен ауырып шыққан, не екпе қабылдаған адамдар да жұқтыра алады.

Алайда тағы да айтамыз, вакцина салдырыңыздар. Өйткені, екпе аурудың ауыр формада өтуінен, не өлімнен қорғайды.

"Омикрон" Еуропа мен Орталық Азиядағы 53 мемлекеттің 50-інде тіркелді. Шектеу шараларын күшейткенде, білім ошақтарының жұмысына ерекше назар аудару керек.

Басқа мекемелермен салыстырғанда, мектептер ең соңғылардың бірі болып жабылып, ең алғашқылардың бірі болып ашылуға тиіс",- деді ДДСҰ еуропалық аймақтық бюросының директоры Ханс Клюге.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1950693-ddsu-aldagy-eki-aida-europa-xalqynyn-zartysynan-astamy-omikron-zuqtyrady/

pixel