Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Кедендік әкімшілендіру: Барлық уәкілетті оператор көлденең мониторинг жүйесіне қосылады

Опубликовано:

кеден
Фото: Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Үкімет отырысында уәкілетті экономикалық операторлардың есептік жүйелеріне қол жеткізу үшін оларды көлденең мониторинг жүйесіне қосу жоспарланып отырғанын айтты, деп хабарлады ҚазАқпарат.

"Кедендік әкімшілердіруді жақсарту шеңберінде уәкілетті операторларға қойылатын талаптар күшейтіледі. Барлық уәкілетті экономикалық операторлардың есептік жүйелеріне қол жеткізу үшін олар көлденең мониторинг жүйесіне қосылатын болады. Жалпы кеден саласындағы заңбұзушылықтыр үшін жауапкершілікті қатаңдату бойынша шаралар қабылданады. Жақында мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, мемлекеттік шекарадағы тәртіпті қамтамасыз ету үшін кешенді тексеру жүргізіледі", - деді министр.

Ведомсвто басшысының сөзіне қарағанда, кейінгі бес жылда Қытай Халық республикасымен айқын статистика бойынша алшақтықтар 60 проценттен 40,4 процентке дейін төмендеген.

"Қытай Халық республикасымен және басқа да елдермен кедендік статистиканың алшақтықтарын қысқарту бойынша жұмыс жалғастырылады", - деді Ерұлан Жамаубаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1950700-kedendik-akimsilendiru-barlyq-uakiletti-operator-koldenen-monitoring-zuiesine-qosylady/

pixel