Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Денсаулық сақтау министрі "Қазақстан халқына" қоры туралы айтып берді

Опубликовано:

министр
Фото: gov.kz

Денсаулық сақтау министрі болып тағайындалған Ажар Ғиният үкіметтің алғашқы отырысында мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша құрылатын "Қазақстан халқына" қоры туралы баяндады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Денсаулық сақтау министрлігі "Қазақстан халқына" қоры қаражатынан сирек кездесетін орфандық аурулары бар балаларды емдеуге арналған болжамды шығындардың есебі мен дәрілік заттар тізбесі бойынша ұсыныстар енгізеді.

Денсаулық сақтау саласында сирек және ауыр аурулары бар балаларды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету неғұрлым өзекті проблема болып отыр.

Әлемде ешбір ел өте жоғары шығындарды ескере отырып барлық ауруларды толық бюджетпен қаржыландырмайды.

Сондықтан қорды құру орфандық аурулармен ауыратын науқастар үшін қымбат тұратын медициналық қызмет пен дәрілік заттардың қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді", - деді Ажар Ғиният.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1950701-densaulyq-saqtau-ministri-qazaqstan-xalqyna-qory-turaly-aityp-berdi/

pixel