jitsu gif branding logo appbranding logo app

Аймағамбетов білім саласында болатын өзгерістерді тізіп шықты

Асхат Аймағамбетов1
Асхат Аймағамбетов. Фото: primeminister.kz

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов білім саласындағы өзекті мәселелерге жеке тоқталды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Біріншіден, мұғалімдер жетіспейтін өңірлерге үздік педагогтерді тарту бойынша арнайы бағдарлама әзірленеді. Мұғалімдер тапшы өңірлерге жоғарғы оқу орындарын бітірген ең үздік педагогтер тартылады. Осы педагогтерге арнайы әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылады. Соның ішінде, жалақыны арттыру бойынша тиісті коэффициент белгілеу, тұратын үйінің төлемін өтеу немесе коммуналдық төлемін өтеу сияқты ынталандыру шаралары қарастырылуда.

Екіншіден, 2025 жылға қарай шетелдік бес жоғары оқу орнының филиалдарын ашу тапсырмасы бойынша жұмыс басталып кетті: De Monfort University - Leicester (UK) университетінің филиалы жұмыс істей бастады. Аризона университетімен меморандум жасала бастады, еліміздің батыс өңірлерінде екі жетекші техникалық университеттердің филиалдары ашылатын болады.

Үшіншіден, техникалық бағыт бойынша грант саны биыл 60 пайызға дейін ұлғайтылады.

Төртіншіден, қоғамдық тәртіпті сақтау жөнінде міндеттерін өтеу кезінде қаза тапқан әскери қызметшілердің, құқық қорғау және арнаулы мелмекеттік органдар қызметкерлерінің балалары университетте оқуы үшін білім гранттарын беру ұсынылады", - деді Асхат Аймағамбетов.

Аймағамбетов білім саласында болатын өзгерістерді тізіп шықты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.