Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтанда ТЖ режимі кезінде 200-ден аса адам ұсталды

Опубликовано:

Кісен
Көрнекі фото: pexels.com

Нұр-Сұлтан комендатурасы 12 қаңтар бойынша елордадағы жағдайды баяндады. ТЖ режимі енгізілген уақыттан бастап, қалада 200-ден аса адам ұсталған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Комендатураның хабарлауынша, елордада жағдай тұрақты. Қаланың шығаберістерінде алты блок-бекет жұмыс істеп тұр.

"Төтенше жағдай режимі енгізілген уақыттан бері 200-ден аса адам ұсталды. Олардың 28-і әкімшілік жауапкершілікке тартылды. ТЖ кезінде жалған ақпараттар пайда болды. Олар дер кезінде тоқтатылды. Тек ресми ақпараттарға сенуге шақырамыз", - делінген хабарламада.

Тәртіп сақшылары бұл уақытқа дейін жалған ақпаратты таратудың үш дерегін анықтады. Аталған фактілер бойынша қылмыстық істер қозғалды.

Кінәлілер 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылу мүмкін.

Елорда комендатурасы тұрғындарды коменданттық сағатты бұзбауға шақырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1950721-nur-sultanda-tz-rezimi-kezinde-200-den-asa-adam-ustaldy/

pixel