Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Тәулігіне 40 мың адам жұқтырады": Министрлік коронавирусқа байланысты болжамды жаңартты

Опубликовано:

қауіпті дерт
Көрнекі фото: NUR.KZ

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният министрлер кабинетінің отырысында қазақстандықтар алдын алу шараларын сақтамаса және ревакцинациядан бас тартса, коронавирусты тәулігіне 40 мың адам жұқтыратынын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ажар Ғиният денсаулық сақтау министрлігі коронвирустың "омикрон" штамының анықталуы мен ерекшелігін есепке ала отыра, эпидемиологиялық жағдайдың болжамы жаңарғанын хабарлады.

"Оптимистік сценарий бойынша: халық ревакцинациямен 100 пайыз қамтылса, алдын алу шаралары сақталса, тәулігіне 17,5 жағдай тіркелуі мүмкін;

Реалистік сценарий бойынша: халық ревакцинациямен 70 пайыз қамтылса, алдын алу шаралары ішінара сақталса, тәулігіне 25,5 жағдай тіркелуі ықтимал.

Пессимистік сценарий бойынша: халық ревакцинациямен 40 пайыздан аз қамтылса, алдын алу шаралары сақталмаса, тәулігіне 40 мың жағдай тіркеледі",- деді денсаулық сақтау министрлігінің басшысы.

Осыған байланысты, ол қазақстандықтарға халық жаппай жиналған жерлерге, ұжымдық шараларға, туыстардың үйіне бармауды, қонақ күтпеуді, маска режимін тек қоғамдық орындарда емес, көшеде де сақтауды ұсынды. Сондай-ақ, денсаулық сақтау министрі вакцина алмаған тұрғындарға вакцинацияның алғашқы курсын алуға кеңес берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1950723-tauligine-40-myn-adam-zuqtyrady-ministrlik-koronavirusqa-bailanysty-bolzamdy-zanartty/

pixel