Алматыдағы жаппай тәртіпсіздік: Тағы 1678 адам қолға түсті

Опубликовано:

індет
Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Алматы комендатурасының ақпарат орталығы қаладағы бүгінгі жағдай туралы мәлімет берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы комендатурасы ұсынған ақпаратқа сәйкес, мегаполистегі Алатау және Медеу аудандарының аумағында лаңкестерден тазарту жұмыстары жүргізілген.

Нәтижесінде заңсыз наразылыққа, тонау және басқа да қылмыстарда қатысы бар деген күдікпен 1678 адам ұсталып отыр.

Олардан 36 бірлік атыс қаруы мен 1 476 оқ-дәрі тәркіленді.

Сонымен қатар, Алматының шетінде орналасқан 5 блок-бекетте 38 адам ұсталды.

Ведомство "102" пультіне жалпы 881 хабарлама келіп түскенін хабарлады.

Одан бөлек, комендатураның колл-центріне азаматтардан жедел әрекет етуді талап ететін 136 дабыл түскен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1950732-almatydagy-zappai-tartipsizdik-tagy-1678-adam-qolga-tusti/