Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ауыл шаруашылығы министрі нені экспортауға тыйым салынғанын айтты

Опубликовано:

министр
Фото: Ербол Қарашөкеевтің жеке мұрағаты

Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев үкімет отырысында алдағы уақытта нені экспортауға тыйым салынғанын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"2022 жылдың 1 шілдесіне дейін 125 мың тонна көлемінде күнбағыс тұқымының және 110 мың тонна күнбағыс майының экспортына шектеулер, 3 ай мерзімге картоп пен сәбіз экспортына, сондай-ақ 6 ай мерзімге ірі қара мал мен ұсақ мүйізді малды әкетуге тыйым салынды.
Нан бағасын тұрақтандыру мақсатында әлеуметтік нан өндіру үшін "Азық-түлік корпорациясы ҰК" АҚ өткізетін астық құнын субсидиялау енгізіледі", - деді министр.

Айта кетейік, 12 қаңтардағы жағдай бойынша, елдегі жаппай тәртіпсіздік кезінде бизнеске келтірілген шығын сомасы 103,7 млрд теңгеден асты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1950755-auyl-saruasylygy-ministri-neni-eksportauga-tyiym-salynganyn-aitty/

pixel