Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

АҚШ-тың бас инфекционисі COVID-19 туралы мәліметтерді жасырды деген күдікке ілінді

Опубликовано:

Энтони Фаучи
Фото: wagmag.com

АҚШ-тың бас инфекционисі Энтони Фаучи COVID-19 зертханадан шығуы мүмкін деген теория туралы мәліметтерді жасырғаны үшін күдікке ілінді, деп хабарлайды "Хабар 24" арнасы.

Өкілдер палатасындағы республикашылдар осылай деп отыр. Конгресмендер Фаучиге вирус жайында 2020 жылдың ақпанында ескерту мәлімет берілгенін, бірақ ол оны АҚШ үкіметіне әдейі жеткізбегенін айтады.

Сол кезде ғылыми редактор болған Фаучи, аталған жайтты ашық баяндаған мақала авторларының біріне вирустың шығу тегі туралы шындықты жаздырмаған.

"Берілген сұрақтардың маңыздылығын ескере отырып, біз Энтони Фаучимен осы мәселені талқылау үшін дереу сөйлесуді, оны жазып алуды талап етеміз", - деп келтіреді конгрессмендердің денсаулық сақтау министрлігінің басшысына жазған хатын РИА Новости.

АҚШ барлау қоғамы бұған дейін коронавирустың табиғи құбылыс екенін немесе Ухань зертханасынан шыққанын анықтау үшін жеткілікті ақпарат жоқ екенін мойындаған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1950756-aqs-tyn-bas-infekcionisi-covid-19-turaly-malimetterdi-zasyrdy-degen-kudikke-ilindi/

pixel