Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Байғабылов Алматы қалалық бас санитарлық дәрігерінің міндетін атқармақ

Опубликовано:

Сәдуақас Байғабылов
Фото: Хабар 24

Алматының бас санитарлық дәрігерінің міндетін атқарушы болып Сәдуақас Байғабылов тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өткен жылы 24 желтоқсанда Жандарбек Бекшиннің Алматының бас санитарлық дәрігері қызметінен кететіні белгілі болды. 27 желтоқсаннан 4 қаңтарға дейін оның міндетін Қарлығаш Әбдіжаббарова атқарды.

Ал 5 қаңтарда Сәдуақас Байғабылов Алматының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері міндетін атқара бастады.

Айта кетейік, бұған дейін ол көліктегі бас санитар дәрігер, Атырау облысы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің қауіпсіздігі мен сапасын бақылау департаменті басшысы, Павлодар облысының бас санитарлық дәрігері, Нұр-Сұлтанда тауарлар және қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінінің басшысы және тағы басқа қызметтерді атқарған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1950762-baigabylov-almaty-qalalyq-bas-sanitarlyq-darigerinin-mindetin-atqarmaq/

pixel