Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Нағыз кәсіби маман": Алексей Цой өзінің орнына тағайындалған Ажар Ғиният жайлы пікір білдірді

Опубликовано:

Фото
Алексей Цой, фото: 24kz

Бұрынғы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой өзінің орнына келген Ажар Ғиният туралы Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Меритократия қағидаты жұмыс істеп тұр! Ажар Ғиниятты жауапты қызметке тағайындалуымен құттықтаймыз! Қазіргі жағдайда ел басшылығы өте дұрыс шешім қабылдады.

Мен оның қатардағы учаскелік дәрігер педиатрдан, ауылдық, аймақтық денсаулық сақтау саласында, денсаулық сақтау министрлігінің орталық аппаратында жұмыс істегенін, әріптестерінің арасында жоғары беделге ие екенін және әрдайым күрделі кезеңдерде жұмыс істегенін жақсы білемін. Нағыз кәсіби маман және ардақты ана", - дейді Алексей Цой.

Экс-министр барлық медицина қызметкерін жаңадан тағайындалған министрді қолдауға шақырды.

"Алда атқарар жауапты жұмыстар көп", - дейді ол.

Айта кетейік, 11 қаңтарда мемлекет басшысының жарлығымен жаңа денсаулық сақтау министрі болып Ажар Ғиният тағайындалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1950773-nagyz-professional-aleksei-coi-ozinin-ornyna-tagaiyndalgan-azar-giniyat-zaily-pikir-bildirdi/

pixel