Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы әуежайы 13 қаңтардан бастап жұмысын қайта бастайды

Опубликовано:

Әуежай
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

13 қаңтардан бастап Алматы халықаралық әуежайы жұмысын қайта бастайды, деп хабарлайды Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі ресми сайтында.

"2022 жылдың 13 қаңтарынан бастап Алматы халықаралық әуежайы жұмысын қайта бастайды. Әуежай басшылығының алдын ала ақпараты бойынша әуе компаниялардың ұшу кестесіне сәйкес ішкі және халықаралық рейстер сағат 8.00-ден 21.00-ге дейін орындалады", - делінген министрлік хабарламасында.

Еске сала кетсек, 5-нен 6-шы қаңтарға қараған түні мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев демонстранттар Алматы қаласында әуежай мен бес ұшақты басып алғанын мәлімдеген еді.

Президент оларды "бандиттер мен террористер" деп атады.

Кейінірек, Алматы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров Алматы әуежайы демонстранттардан толық тазартылғанын хабарлады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1950786-almaty-auezaiy-13-qantardan-bastap-zumysyn-qaita-bastaidy/

pixel