Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ҚТЖ: Барлық жолаушылар пойызы кесте бойынша жүреді

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: "ҚТЖ" ҰК" АҚ

"Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ Қазақстанда барлық пойыздың қозғалысы қалыпқа келгенін хабарлады. Одан бөлек, Алматыдан Нұр-Сұлтан мен Ақтөбеге қатынайтын қосымша үш пойыз іске қосылған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, Алматы қаласынан Нұр-Сұлтан қаласына қатынайтын екі және Ақтөбеге қатынайтын бір қосымша пойыз іске қосылады:

  • "Алматы-2-Нұр-Сұлтан Нұрлы жол" (Тальго) бағытындағы №207/208 пойызы Алматыдан 20 сағат 07 минутта аттанады. Пойыз Нұр-Сұлтан қаласына 13 қаңтарда сағат 10.25 минутта келеді. Осы пойыз 13 қаңтарда сағат 21.20-да Нұр-Сұлтан қаласынан кері жөнелтіледі.
  • "Алматы-2-Нұр-Сұлтан-1" қатынасындағы №205/206 пойызы Алматы-2-ден 2022 жылдың 12 қаңтарында сағат 22.05-те аттанып, елордаға 13 қаңтарда сағат 19.06-да келеді. Дәл осы пойыз Нұр-Сұлтан-1 станциясынан 21 сағат 52 минутта кері қарай жолға шығады.
  • "Алматы-2 – Ақтөбе" бағытындағы №213/214 пойызы ағымдағы жылдың 12 қаңтарында сағат 12.33-те жолға шығады. Ақтөбеге 14 қаңтарда сағат 07.25-те келеді. Сол күні аталған құрам Ақтөбеден Алматыға сағат 15.00-де жөнелтіледі.

Компания барлық жолаушылар пойыздары кесте бойынша жүретінін атап өтті.

Ал билет туралы ақпаратты bilet.railways.kz сайтынан және банктің мобильді қосымшасынан білуге болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1950825-qtz-barlyq-zolausylar-poiyzy-keste-boiynsa-zuredi/

pixel