Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Президент Алматыдағы жедел медициналық көмек көрсету ауруханасына барды

Опубликовано:

Фото
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласына жұмыс сапары барысында жедел медициналық көмек көрсету ауруханасында болды, деп хабарлайды Ақорда.

Қасым-Жомарт Тоқаев Травматология бөліміндегі палаталарды аралап көріп, террорлық акті кезінде зардап шеккен азаматтармен әңгімелесті.

Президент жараланғандардың хал-жағдайын сұрап, олардың тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді, сондай-ақ дәрігерлермен сөйлесті.

Күштік құрылымдардың зардап шеккен барлық қызметкеріне көмек көрсетіледі.

Дәрігерлердің айтуынша, зардап шеккен азаматтардың бәріне дер кезінде жан-жақты медициналық көмек көрсетілген.

Фото
Фото: Ақорда

Еске сала кетсек, мемлекет басшысы 12 қаңтарда Алматы қаласына келіп, жедел штабтың отырысын өткізді.

Сонымен қатар, президент мегаполистегі қайғылы жағдайдан қаза тапқандардың туыстарымен кездесіп, наградаларды табыстады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1950829-prezident-almatydagy-zedel-medicinalyq-komek-korsetu-auruxanasyna-bardy/

pixel