Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтан "қызыл" аймақта: Елордада жаңа шектеу шаралары енгізілді

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Нұр-Сұлтан қаласының бас санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова әкімдікте өткен брифингте елордадағы эпидемиологиялық жағдай неліктен ушығып кеткенін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Сархат Бейсенованың сөзінше, астанада коронавирустың "омикрон" штамы анықталған.

"COVID-19 бойынша қолайсыз эпидемиологиялық жағдай қала тұрғындарының маска режимі мен әлеуметтік қашықтықты сақтамауынан, екпеге салғырт қарауына байланысты туындап отыр. Бұл өз кезегінде қалада аса жұқпалы "омикрон" штамының тез таралуына ықпал етеді", - дейді ол.

Санитарлық дәрігердің айтуынша, осыған байланысты қаладағы шектеу шараларын күшейту туралы шешім қабылданған.

Бүгіннен бастап Сархат Бейсенова қол қойған қаулыға сәйкес, елорда ашық аспан астында да, ғимарат ішінде де бұқаралық іс-шараларды, отбасылық, еске алу іс-шараларын, оның ішінде үйде өткізуге тыйым салынады. Дегенмен, Ashyq жобасына қатысатын мекемелерде 30 адамға дейін ас беруге рұқсат.

Сонымен бірге, Ashyq жобасына қатысатынына қарамастан төменде көрсетілген нысандардың жұмыс істеуіне тыйым салынады:

  • концерттік залдар;
  • филармониялар;
  • театрлар;
  • цирктер мен кинотеатрлар;
  • нысандар мен діни ғимараттар аумағындағы ұжымдық іс-шараларға (жұма намазы, діни рәсімдер және т.б.);
  • конференция, семинар, көрме, форум өткізуге;
  • түнгі клубтар, караокелердің жұмыс істеуіне.

Сондай-ақ, қоғамдық тамақтану орындарында бір дастархан басына отырушылар санын 4 адамға дейін қысқарту ұсынылып отыр.

Одан бөлек, білім орталықтарының, балалар мен ересектерге арналған үйірмелердің, балаларды дамыту орталықтарының жұмысы онлайн форматқа ауысады.

Мемлекеттік органдардың (ұйымдардың), ұлттық компаниялардың, кәсіпорындардың әкімшілік персоналының кемінде 80 пайызы қызметкерлердің COVID-19-ға қарсы вакцина алғанына қарамастан онлайн форматта жұмыс істейді.

Мектеп оқушылары 2022 жылдың 31 қаңтарына дейін, барлық студенттер 2022 жылдың 6 ақпанына дейін онлайн оқиды.

Сонымен қатар, бас санитарлық дәрігер қалада қоғамдық көліктер санын көбейтуді тапсырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1950831-nur-sultan-qyzyl-aimaqta-elordada-zana-sekteu-saralary-engizildi/

pixel